ҰБТ-2020. Алғашқы күн

21 Маусым 2020, 09:14
2824
Бөлісу:
ҰБТ-2020. Алғашқы күн
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл – тестілеудегі ең аз ағындардың бірі.

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пункттің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді.

E584462A-2222-452B-8DDB-05C41F818569.JPEG

2A24386C-8FBF-47D6-85CB-F969A659567B.JPEG

423E401E-71C2-4B92-9C64-0AF00630E51F.JPEG

21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. ҰБТ өткізілетін әрбір пунктте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады: дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру. 

1786D1E5-6270-4663-B18D-5D99372F5853.JPEG

ACE04B65-8B31-465F-8337-1FBA5C398505.JPEG

6C100C97-8F85-444F-AABA-898DD606F10B.JPEG

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етіледі. 

D9E3ED18-185A-4D83-81F6-A22045086D54.JPEG

7AB6BDA8-0FC9-4EC3-81C1-93FF94E6F1A1.JPEG

4AFB7909-EC0E-4922-AF54-27F81F01281C.JPEG

Сондай-ақ, әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады.

7CF7004D-FC81-48EF-B24F-B5F9E4A0FBD0.JPEG

Санитарлық талаптар қатаң сақталады, сондықтан аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.

E3B2592F-579E-48C2-AB7A-A7AA46B54C7E.JPEG

ACDF6687-D695-4A23-81AC-E410D2417DF9.JPEG

92417868-0CD4-4195-B669-6E7D39990C99.JPEG

Естеріңізге сала кетейік, биыл тестіленушілер үшін бұрын-соңды болмаған жағдай жасалды. Мәселен, алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат етіліп, талапкерлер үшін тегін байқау сынақтары қолжетімді болды. Сонымен қатар тестілеуді өткізу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылып, түлектер мемлекеттік емтиханнан босатылды.

DFE652B4-F795-4558-8C75-36266F75BDC9.JPEG



Өзгелердің жаңалығы