ҰБТ: Ақтөбе облысында 140 оқушы залдан шығарылды

22 Қаңтар 2020, 13:40
1365
Бөлісу:
ҰБТ: Ақтөбе облысында 140 оқушы залдан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі 16-19 қаңтар аралығында өтті. Облыс бойынша 4593 оқушы қатысып, соның 140-ы өздерімен бірге сынаққа рұқсат етілмеген зат кіргізгені үшін залдан шығарылды.

ҰБТ-ның бірінші кезеңі облыста 5 жерде: Комсомол ауылы, Шалқар, Қандыағаш, Хромтау және Ақтөбе қаласында өтті. Сынақ талапқа сай өтуі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылады, - делінген хабарламада.
Бақылаудың қорытындысы бойынша алғашқы Ұлттық біріңғай тестлеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттармен 80 оқушы және тестлеудің өтуі барысында 60 мектеп оқушысы тыйым салынған заттармен ұсталған.

Қысқы маусымда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған 140 мектеп оқушысы өз бақтарын көктемгі маусымда сынауға мүмкіндіктері болады.

Өзгелердің жаңалығы