Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін тестілеу еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаласындағы 80 ҰБТ өткізу пунктінде өтті.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тестілеуге жалпы саны 14 768 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 11 223, орыс тілінде – 3 535 адам ҰБТ тапсырды.5 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 54 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қалыпты режимде өтті.