Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Брюссельде Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі жанындағы "Тіл-Қазына" қазақ мәдени орталығы өз есігін ашты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Орталықта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақтар, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы семинарлар, тіпті қазақ қолөнері мен қазақ тағамдары бойынша шеберлік сыныптарын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, орталықта екі жыл бұрын елшілік құрған қазақ би орталығы өз жұмысын жалғастырады.
Балаларға "Қазақ тiлi мен қазақ әдебиетінің оқытушысы - филолог" мамандығы бойынша дипломы бар мұғалім Мейіргүл Сабаз сабақ береді.