Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания ауруханаларына коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді. Тұманды Альбион әлемде бірінші болып «Пфайзер» мен «Байонтек» компаниясының вацинасын алды, деп жазды Хабар24.
Вируске қарсы адамдарды егу ертең басталмақ. Алдымен жасы 80-нен асқан қарттар, медицина қызметкерлері және қарттар үйінде тұрып жатқан адамдар егілмек. Жалпы Лондон алғашқы кезеңде 40 миллион доза вакцинаға тапсырыс берген. Ол 20 миллион адамға есептеліп отыр. Себебі әр тұрғын 2 рет егілуі тиіс.
Еске сала кетейік, Ұлыбританияда індет таралғалы 1 миллион 700 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, 61 мыңнан аса науқас қайтыс болды. Елде өткен аптада ұлттық карантин аяқталып, оның орнына үш деңгейлі шектеу енгізілген.
Вакциналар тоңазықыштарда минус 73 градус температурада сақталып, қажет болған жағдайда ғана алынады. Қазір ауруханаларда вакцинациялау бағдарламасы алдындағы соңғы тексерістер жүріп жатыр, - дейді фармацевт Луиза Кофлан.
Әлемнің өзге елдері де коронавирусқа қарсы жаппай егу басталатынын жариялап жатыр. Мысалы, Түркияда шара алдағы жұма күні қолға алынатын болса, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында екпе егу келесі аптада жүргізіледі. Егер америкалықтар өз компанияларының вакцинасын қолданса, Түркияда халықты Қытай екпесімен егу қарастырылған. Ал көрші Ресей астанасында халықты «Спутник Ви» вакцинасымен егу басталып кетті. Осы аптада шара елдің өзге аймақтарында қолға алынады.