Brent мұнайының бағасы екі жылда алғаш рет 90 доллардан асты

Эталондық Brent маркалы мұнайдың бағасы екі жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.

 pixabay.com Кеше 2026, 19:47
Кеше 2026, 19:47
308
Фото: pixabay.com

Эталондық Brent маркалы мұнайдың бағасы екі жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лондондағы ICE биржасындағы сауда деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2024 жылғы 9 сәуірден бері алғаш рет барреліне 90 доллардан асты.

Мәскеу уақыты бойынша 16:47-де мамыр айындағы фьючерстердің бағасы 5,37%-ға өсіп, барреліне дәл 90 долларға жетті. Бірнеше минуттан кейін өсім 5,60%-ға дейін үдеп, баға 90,19 долларды көрсетті.

Сонымен қатар америкалық WTI маркалы мұнай да қымбаттады. 2026 жылғы сәуірде жеткізілетін фьючерстер 8,09%-ға өсіп, барреліне 87,56 долларға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының қымбаттауына АҚШ тарапынан жаңа тарифтік қауіптер мен Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі әсер еткен. Нарық қатысушылары қақтығыс мұнай тасымалдайтын негізгі бағыттарға әсер етуі мүмкін деген тәуекелдерді бағаға енгізе бастаған.

Наверх