Брекешов ірі қалалардың ластану себебін айтты

21 Желтоқсан 2021, 17:10
1540
Бөлісу:
Брекешов ірі қалалардың ластану себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі ірі қалалардың ластануы жаңғырту мен қайта құрудың болмауынан. 

Бүгін орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осындай мәлімдеме жасады. 

Оның айтуынша, министрлік 4 негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр.

Олар: Қоршаған ортаның сапасын жақсарту, геология, су ресурстары орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі. 

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша осы жылы экологиялық мониторингтің нәтижелері  бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары екені мәлім болды. Ластанудың себебі аймақтағы жабдықтардың тозуы мен зауыттардағы шаң тазарту қондырғыларының ескіруі сондай-ақ көмірді пайдалану болып отыр, - деді министр. 

Сонымен қатар Брекешовтің сөзінше, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. 

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы және өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары бекітілді. Олар бойынша жұмыс істеліп жатыр. Кәсіпорындармен меморандумдарға қол қойылды. Осыған сәйкес ауаға шығарындылардың 20 пайыздан 30 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Өзгелердің жаңалығы