«Бред сивой кобылы». Сыртқы істер министрі ресейлік Никонов, Федоровқа қатысты ойын білдірді

23 Желтоқсан 2020, 11:05
2616
Бөлісу:
«Бред сивой кобылы». Сыртқы істер министрі ресейлік Никонов, Федоровқа қатысты ойын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Парламент отырысында депутаттар Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіден Ресей елшілігіне берген нотаның нәтижесі не болып жатқанын сұрады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер  министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат пен саясаткердің «Солтүстік Қазақстан Ресей жері» деген сөздеріне қатысты өз ойын білдірді.

Көтерілген мәселе өзекті, біз Никонов мырза айтқан сөздерінен кейін Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, оларға ресми түрде нота беріп, Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын білдірдік. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, олар ресми түрде жауап бермейді, бірақ қабылдаған іс-шаралар туралы бізге хабарлаған еді. Олар да парламентке, Президент әкімшілігіне хабарласып, мұндай сөздерді жариялауға болмайды дегендей сын айтқан болатын. Ал Федоров өз сөздерінде бұл мәселені тағы да қайталап жатыр. Ең біріншіден, қазақ ретінде ондай сөздерге намысым келеді. Бірақ жоғары білім алған соң, отынамыздың тарихын білгеннен кейін мұндай сөздерге «Бред сивой кобылы» деп жауап берер едім. Мұндай сөздер көтерілген кезде алдымен тарихшыларға, ғылымға сүйену керек, - дейді министр. 

Сонымен қатар, ол Ресей билігінің ұстанымы депуттардың ойымен сәйкес келмейтінін жеткізді.

Ал Сыртқы істер министрі ретінде айтарым, Ресейдің ұстанымы олардікімен сәйкес келмейді. Біздің шекарамыз заң түрінде, құқық түрінде делемитациядан өткен. Екіжақты тиісті келісімге қол қойылған. Қазір біз шекарамызды деморкациядан өткізудеміз. Пандемияға байланысты бұл процесс сәл тоқтап қалды. Оған қоса екі ел арасында стратегиялық әріптестік қалыптасқан, ол барлық екіжақты құжаттарда белгіленген. Сондықтан Ресей мемлекетімен халықаралық құқық деңгейінде қарым-қатынастарымызды дамыта береміз, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталған еді. Сонымен қатар, ресейлік депутат Евгений Федоров «Қазақстан деген болған жоқ» деп шектен шыққан еді.

Өзгелердің жаңалығы