Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бразилияның шығысында жол-көлік апатынан 11 адам қаза тапты

Бүгiн, 14:49
98
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Бразилияның шығыс бөлігінде ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай Баия мен Эспириту-Санту штаттарының шекарасында орналасқан Мукури муниципалитетінде тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік пен пикап соқтығысып, артынша екі көлік те отқа оранған.

Бастапқыда Бразилияның федералдық жол полициясы он адамның қаза тапқанын, тағы бір адамның ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеген. Кейінірек жарақат алған адамның ауруханада қайтыс болғаны белгілі болып, құрбандар саны 11-ге жетті.

Полиция өкілдері өрттің қатты болғанына байланысты қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін ДНҚ-сараптамасы қажет болатынын айтты. Қазіргі таңда апаттың мән-жайы мен себептері тиісті қызметтер тарапынан анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы