Бразилияға аштық қаупі төнді

27 Мамыр 2022, 20:45
1584
Бөлісу:
Бразилияға аштық қаупі төнді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия кедейленіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар тіпті аштық қаупі төніп тұрғанын айтады. Өткен жылы елдегі кедейлік деңгейі 36 процентке жетті. Бразилия ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші ірі мемлекет болса да, соңғы бір жылда елде азық-түлік тапшылығы қатты сезіле бастаған. 

Бұған Украина мен Ресей арасындағы қарулы-қақтығыс себеп. Салдарынан Бразилияда қымбатшылық жайлады. 

Жақында елдегі инфляция 1996 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті. 26 жылда алғаш рет 12 проценттен асып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы