Бразилиядағы сайлауда экс-президент Болсонаро жеңіске жетті

31 Қазан 2022, 11:22
1463
Бөлісу:
Бразилиядағы сайлауда экс-президент Болсонаро жеңіске жетті

Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силва сайлаудың екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Жаир Болсонародан басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы сол елдің  Жоғарғы сайлау сотының сайты мәлімдейді.

Дауыс санағынан кейін кандидаттар арасындағы алшақтық 49,10%-ке қарсы 50,90% құрады.

Сайлаудың бірінші кезеңі 3 қазанда өтті. Бірақ кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмады. Соңғы дауыс беруге Әлеуметтік-либералдық партияның жетекшісі Жаир Болсонаро мен Бразилияның «Үміт федерациясы» социалистік коалициясының кандидаты Луис Инасио Лула да Силва шықты. Соңғысы 2003-2010 жылдары Бразилия президенті болған.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша Лула көбірек дауыс жинады (47,98%), Болсонаро 43,59% дауыспен екінші орында тұрды. Бірінші турға барлығы тоғыз үміткер қатысты, бірақ қалғандары тіпті 1% дауыс жинай алмады.

Болсонаро алғаш рет 2018 жылдың күзінде президент болып сайланған. 2019 жылдың қаңтарында қызметіне кірікен. Ол өзінің тым оңшыл және популистік көзқарасымен, Бразилияның әскери диктатурасына жанашырлығымен және феминизм мен ЛГБТ қауымдастығына қарсы сөйлегенімен танымал. Украинада соғыс басталғаннан кейін ол Бразилия бейтарап позиция ұстанатынын және Мәскеуге қарсы санкция салмайтынын айтқан.

2016 жылы Лула Петробрас мемлекеттік мұнай компаниясында жемқорлық және ақшаны жылыстату ісі бойынша 12 жылға сотталған. Бұған қатысты жанжал 2016 жылы Дилма Руссефке импичмент жариялауға да әкелді. Ол Луланың президенттік мұрагері және оның Жұмысшылар партиясындағы әріптесі болды. Экс-президенттің өзі апелляциялық шағым беру құқығын пайдаланып, бостандықта жүрді, ал 2021 жылы Бразилияның Жоғарғы соты оған қатысты үкімдердің күшін жойды.

Өзгелердің жаңалығы