Бразилияда алапат тасқын кесірінен шаруалар шығынға батып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Топан судан егін құрдымға кетіп, мыңдаған мал қырылып қалған. Terra Analytics компаниясының есебі бойынша табиғи апаттан бас-аяғы 6500 ферма зардап шеккен.
Соның салдарынан елде күріш, соя тапшылығы байқала бастаған. Осыған байланысты ел үкіметі ақмаржан импортын қолға алып жатыр. Бұдан бөлек, билік өкілдері шаруаларға келген шығын көлемін есептеп, өтемақы беруді көздеп отыр.