Фото: Рио-де-Жанейро штатындағы өрт сөндіру қызметі
8 сәуірде семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатқан стадионда өрт шықты. Ғимараттың шатыры жанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ақпаратты Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) мен Бразилия семсерлесу конфедерациясы (CBE) растады.
Таңертең ерте Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық велодромының шатырында өрт шықты. Оқиға кезінде алаң бос болған, ешкім зардап шеккен жоқ, – делінген ресми хабарламада.
Федерация семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының барлық қатысушыcsның қауіпсіздігі мен амандығы басты басымдық екенін атап өтті. Енді жарыстар велодромнан қауіпсіз қашықтықта орналасқан басқа алаңда өтеді.
Семсерлесуден жарыстар бұған дейін велодромда да, «Кариока 1» аренасында да (негізгі алаң) өткізіліп келген болатын. Енді барлық жарыстар тек қана «Кариока 1» аренасында өтеді, – деп нақтылады FIE өкілдері.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы әлемдік біріншілікке 1000-нан астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасынан 17 семсерлесуші бақ сынап жатыр.