Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда Зе Сальвадор әдеби лақап атымен танымал ақын-корделист Хосе Вашингтон де Соуза жазған «Сөз – ашыңқыра есіктердің кілті» деп аталатын рифма түрінде әдебиеті-кордель жарыққа шықты.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылы алғаш рет португал тіліне аударылған Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабындағы философиялық трактаттары мен астарлы әңгімелері бразилиялық ақынға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы баяндайтын поэмаға айналған танымал алты шумақ жазуға шабыт берді.
«Сөз – ашыңқыра есіктердің кілті» атты кордель-кітапшасының электронды нұсқасы мына сілтеме арқылы қолжетімді.
Кордель (португал тіліндегі жіп немесе бау деп аударылатын «корда» сөзінен шықты) – ыңғайлы болуы үшін сатып алушылардың назарына бауға байлаулы түрінде ұсынылып, халық арасында кеңінен танымал шығармаларды кітаптарды көпшілікке қолжетімді бағамен көше сатушылары арқылы таратылатын буклет немесе брошюралар түрінде басып шығарудың Бразилия үшін дәстүрлі форматы.