БҚО тұрғындарын 23 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

10 Қыркүйек 2024, 19:04
356
Бөлісу:
БҚО тұрғындарын 23 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды
Фото: BAQ.KZ -архив

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілерінің 7 эпизоды бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері онлайн аукционнан автокөлік сатып алып беремін деген сылтауымен облыс тұрғындарының миллиондаған ақшасын иемденген алаяқты ұстады. Ол әртүрлі көліктердің фотосуреттерін көрсетіп, олар үшін көлікті сатып алатынын айтып, алдын ала төлем алып отырған. 

Мәселен, Орал қаласының кәсіпкерлерінің бірі алаяққа сеніп, оған 7,4 млн теңге, тағы бір тұрғын оған 4,5 млн теңге берген. Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы облыс тұрғындарына келтірілген шығын 23 миллион теңгені құрайды. 

Ұсталған адамның айтуынша, ол барлық ақшаны құмар ойындарға және ұтысқа жұмсаған. Полиция департаменті облыс тұрғындарына күмәнді мәмілелерге сенбеуді және тексерілмеген адамдарға үлкен көлемде ақша бермеуді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы