БҚО ірі суару-суландыру жүйесіне 400 млн текше метр тасқын суы жіберілді

4 Мамыр 2024, 15:21
239
Бөлісу:
БҚО ірі суару-суландыру жүйесіне 400 млн текше метр тасқын суы жіберілді
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне 400 млн текше метр тасқын суын жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жақын арада мұнда тағы 200 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

БҚО ірі суару-суландыру жүйесіне 400 млн текше метр тасқын суы жіберілді

Бұл 65 мың гектардан астам шабындық жері мен жазғы жайылымдарды сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүйе бойында орналасқан су қоймаларын толтыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары кеуіп қалған Батыс Қазақстан облысының Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жіберу жұмысы жүріп жатыр.

БҚО ірі суару-суландыру жүйесіне 400 млн текше метр тасқын суы жіберілді

Біздің министрліктің басты міндеттерінің бірі - ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте одан әрі пайдалану үшін тасқын суын су қоймаларына жинау. Көптеген аймақтардағы ірі су қоймалары 100% толы, бірақ бұл толып кету және су басу қаупі бар дегенді білдірмейді. Нормадан асатын су қауіпсіз көлемде өзендер мен каналдарға жіберіліп, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы