Ведомство бұл шешімнің өңірдегі медициналық мекемелер басшыларының жаппай ұсталуымен байланысты екенін нақтылаған жоқ.
Еске салсақ, мамыр айында Батыс Қазақстан облысында жеті медициналық ұйым басшысы ұсталған болатын. Олардың қатарында облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Жәнібек, Қаратөбе және Теректі аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері, Бәйтерек ауданындағы Дариян аудандық ауруханасының бас дәрігері, сондай-ақ Орал қаласындағы №1 және №6 емханалардың директорлары бар.
Тергеу мәліметінше, аталған медицина ұйымдарының басшылары бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Нұсқа бойынша, олар Қазақстандағы ірі жекеменшік медициналық зертханалардың бірінің өкілдерінен және басқа да қызмет жеткізушілерден «жалпы қамқорлық көрсеткені» үшін заңсыз сыйақы алып отырған.
Бұған қоса, сәуір айының соңында жедел жәрдем станциясының директоры да ұсталған еді.