БҚО-дағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

3 Сәуір 2022, 18:39
2913
Бөлісу:
БҚО-дағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында тағы бір ауылды су басты. Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды,  деп хабарлайды  "Хабар 24" арнасы.

Арна мәліметінше, Ақсай қаласының іргесіндегі Қызылтал елді мекенінде жекеменшік үйлерге зақым келген. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 12 баспанаға су кіріп, 8 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оның төртеуі бала.

Тұрғындардың көбі туыстарының үйін паналап отыр. Су басқан ауылға 83 қызметкер мен 30 арнайы техника жұмылдырылған. Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ақсайдағы №7 мектеп ғимаратында эвакуациялық орталық жасақталған, - делінген хабарламада.

Өңір бойынша барлығы 87 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Тасқын қаупі сейілмей тұр, делінген арна материалында. "Қазавтожол" мамандары мен құтқарушылар су шайған учаскелерде тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы