Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп, жалын құрғақ шөпке ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 шілде күні Сырым ауданы Тоғанас ауылы тұсында болды.
Сағат 12.20-да 101 пультіне Самара-Шымкент тас жолы бойында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиғаны барлау барысында Самара-Шымкент жолының 320-шақырымында жартылай тіркемесімен ауыр жүк көлігі жанып, жалынның құрғақ шөпке ауысқаны анықталды. Жүк көлігіндегі өрт сағат 14.30-да оқшауланды. Құрғақ шөптің жануын сөндіру жалғасуда, оның аумағы анықталу үстінде. Өрт орнында түрлі мекемелерден 22 адам, 5 техника жұмыс жасап жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.