Тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 ақпан күні Подстепное-Меловые горки тас жолының 4 шақырымында 30 жастағы жүргізуші Volvo автокөлігін басқарып 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Ауруханаға 3 адам жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген ведомство мәліметінде.