Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға 31 мамыр күні кешкісін «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған.
Орал қаласындағы көпірден секіріп кеткен 23 жастағы жігіт жағаға қарай жүзіп келе жатқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көмектесіп, шамамен сағат 20.59-да жағаға шығарып алған.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне («өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде, - деді Болатбек Нұрғожин.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, салқын суда болып, денесі тоңазыған тұрғын облыстық ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: