Елде жыл басынан бері 31 000 адам онкологиялық ауруға шалдыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді. Семейдегі ядролық медицина орталығында өткен онкологтар кеңесінде қатерлі ісіктің алдын алу жолдары талқыланды.
Адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау барысы айтылды. Қазір Семейдегі орталық барлық қажетті жабдықпен қамтылған. Онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Қатерлі ісікке күдіктенген адам тегін тексеруден өтіп, сапалы ем ала алады. Сондай ядролық медицина орталығын Батыс Қазақстан облысында салу жоспарланып отыр.
Бұрын біз қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды ем алу үшін шетелге жіберетінбіз. Сол жақтан радиотерапиядан өтетін. Қазір барлық қызметтерді Семейдегі ядролық медицина орталығында алуға болады. 20 орын дегеніміз, әрине, аз. Сондықтан біз дәл осындай орталықты Батыс Қазақстан облысында салуды жоспарлап отырмыз, - деді денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова.