БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

14 Наурыз 2023, 09:40
956
Бөлісу:
БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 4 мың дана қапқа инертті материалдар    салынып төселді, 25 мың текше метрден астам су сорылды.

Жалпы, су тасқынына дайындық және оған қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам қапқа инертті материалдар салынып төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, 5 мыңнан астам ойық бұрғыланды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді.

Су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындар арасында су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік және жүріс-тұрыс шаралары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына дауылды ескерту туралы СМС-хабарламалар жіберіледі.

Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.

Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, оған Қазақавтожол және Қазсушар өкілдері де кірді.

Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі телефоны ашылды (бір тәулікте ақпараттық сипаттағы 109 қоңырау түсті).

Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге, өзендер мен көлдерге тәулік бойы мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.

Тасқын суды қабылдау жөніндегі арнайы арнаны орнату бойынша бұрын қабылданған алдын алу шараларын ескере отырып, жоғары температуралық фонда еріген сулардың өту кезеңінде Зашаған кентіндегі жағдайдың күрделенуін болдырмауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, тек бір апта ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында қар 60% - ға (76% - дан 16% - ға дейін) азайды.

Мәселен, температураның +12 градусқа дейін күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі салдарынан жоғары жақтан еріген қар суы келіп, БҚО Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарындағы 48 тұрғын үйді су басуына себеп болды. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 149 адам эвакуацияланды, 300-ге жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамынан 800-ден астам адам жұмылдырылды. Жедел жұмыстарда 200-ден астам техника және 100-ден астам су айдау құралдары қолданылады.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқыны кезеңі басталғанға дейін жүргізілген су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары бөгеттерді, қорғаныш біліктерді тұрғызу және нығайту, су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қарды шығару, ойықтарды бұрғылау және облыс өзендерінің кептеліс учаскелерінде мұз кесу бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар су тасқыны қаупін барынша азайтуға мүмкіндік беріп, туындаған күрделі максималды топырақтың қатуы және жоғары күзгі ылғалдылығы кезінде температуралық фонның күрт жоғарылауына байланысты гидрометеорологиялық жағдайлар,  өзендердегі мұздың қалыңдығы және топырақ бетінде мұз қабығының терең қабаты пайда болады, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы