БҚО-да су басу қаупіне байланысты мыңға жуық адамды эвакуациялау жоспарланып отыр

Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр.Сол себепті осы аумақта орналасқан Мичуринское, Объединённое, Ветеран, Звёздочка және т.б саяжайлар тұрғындарын эвакуациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 2 Сәуір 2024 2024, 22:43
2 Сәуір 2024 2024, 22:43
920
Фото: скрин

Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр.Сол себепті осы аумақта орналасқан Мичуринское, Объединённое, Ветеран, Звёздочка және т.б саяжайлар тұрғындарын эвакуациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аудан маңындағы саяжайларда шамамен 1000-ға жуық адам тұрады.

Саяжайдағы тұрғындарды эвакуациялау жұмысына 5 автобус жұмылдырылған.Осы ретте тұрғындардан уақытша қауіпсіз жерге көшуді сұраймыз. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды, - деп жазылған Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Наверх