Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бүгін кешке 112 пультіне ер адамның күндіз үйден шыққаны және оның қайда екені белгісіз екені туралы хабар келіп түскен.
Оқиға Бәйтерек ауданының Чувашка ауылында болғаны айтылды.
Іздестіру үшін құтқарушылар тез арада жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен шықты. Сондай-ақ, дрон қолданылып, кинологиялық есеп тартылды. Түнде Чувашка және Красный Урал ауылдарының арасындағы айдаладан құтқарушылар 1998 жылы туған ерадамды тауып алды. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Оқи отырыңыз: