БҚО-да құрғақ шөп өртеніп жатыр

БҚО-да құрғақ жердегі өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Шілде 2023 2023, 05:21
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 12 Шілде 2023 2023, 05:21
12 Шілде 2023 2023, 05:21
1035
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

БҚО-да құрғақ жердегі өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың уақтылы қабылдаған шараларының, жедел әрекетінің арқасында 38 өрт ошағы сөндірілген.

Қазіргі уақытта сөндіру жұмыстары Сырым ауданының Тоғанас кентіндегі бір учаскеде жүргізілуде. Өрттің ауданы – 7000 гектар. Өрт сағат 14:25-те оқшауланған. Елді мекенге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өрт орындарын қарауылдау және су құю жүзеге асырылуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өртті сөндіруге 260-қа жуық адам және 60-тан астам техника жұмылдырылған.

Наверх