БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» ауқымды акциясы өтті

5 Қыркүйек 2024, 15:38
347
Бөлісу:
БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» ауқымды акциясы өтті
PR
Фото: «Freedom Шапағат» қоры

Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» ауқымды акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Freedom Holding Corp. ұжымының бастамасымен облыстың 350 оқушысы үшін арнайы сабаққа арналған жиынтықтар әзірленді.

Freedom Holding Corp. қызметкерлерінің бұл игі ісі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардан шыққан оқушыларды қолдауға арналған болатын. Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асырылды. 

Жиналған қаражатқа өңір мектептерінің оқушыларына арналған 350 жиынтық (ноутбуктер, маусымдық және спорттық киімдер, рюкзактар) сатып алынды.

Аталған акция 20 тамызда Орал қаласында басталды. Мектеп жинақтары олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына табысталды. 

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, FreedomHolding Corp. тұрақты даму жөніндегі бас директоры және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының президенті Бағлан Мусин, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.  

БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» ауқымды акциясы өтті

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өңірге көмек көрсетуге қосқан зор үлесін атап өтті.

Біздің бұл акция су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын қолдауға үлкен ниет білдірген Freedom Holding Corp. қызметкерлерінің ықпалымен жүзеге асты, - деді «Freedom Шапағат» қорының президенті Бағлан Мусин.

Өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымының басшысы еріктілер жұмысының маңызды рөліне де тоқталып, акцияны абыроймен өткізуге атсалысқан барша жанға алғысын білдірді.

Айта кетейік, мектеп жинақтары өңірдің Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының балаларына да жолданды.

БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» ауқымды акциясы өтті
БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» ауқымды акциясы өтті
Өзгелердің жаңалығы