БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды

Бүгiн, 10:09
153
Бөлісу:
БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

29 қазанда Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен есірткіге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтықтәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшыларына нақты нұсқаулар берілді, олар бүгіннің өзінде оң нәтиже көрсетуде.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен 1 желтоқсанда Алматы облысында орналасқан есірткі зертханасы анықталды.

Есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

23 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келген тұлғалар ұсталды.

Ақтөбе облысынан сауда арнасы тоқтатылды. Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды.

"Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында 350-ден астам есірткі жарнамасы жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және күнделікті бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы