Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты екі республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ресубликалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолы (229-195 км, Бәйтерек ауданы Махамбет ауылынан РФ шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктері үшін жабық тұр.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы автожолында (3-97 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Бөрлі ауданы Бөрлі ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар алынуда.
Орал қаласында да жаңбыр жауғандықтан, көктайғақ болып тұр.
Оқи отырыңыз: