Өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан облысының ауылды жерінде болған тосыннан болған өрт жағдайын дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Өңірге қарасты Бөкейорда ауданы Орда ауылының азық-түлік дүкендерінің бірінде шатырдың отқа оранды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты арнайы күштері 60 шаршы метр аумақты шарпыған алаңдағы өртті жойды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Бұл ретте ТЖМ төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 номеріне хабарласуды сұрайды.