Батыс Қазақстан облысында алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Осы түні Орал қаласында бау-бақша серіктестіктері орналасқан Орал өзенінің жағасында орналасқан халықты ақпараттандыру және алдын ала эвакуациялау жұмыстарын Астана қаласы мен Қызылорда облысы ТЖД-нің жеке құрамы жүзеге асыруда, - делінген ақпаратта.