БҚО-да 4 тонна шөп өртенді

Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 Наурыз 2025 2025, 09:17
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 27 Наурыз 2025 2025, 09:17
27 Наурыз 2025 2025, 09:17
539
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қаратөбе ауданының Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 4 тонна шөп өртенді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. 

Өрт 24 ш. м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.

 

Наверх