Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҚО-да 11 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны қолданысқа берілді

9 Желтоқсан 2024, 22:18
597
Бөлісу:
 Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Батыс Қазақстан облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының аясында жоспарланған 24 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарынан 11 ауылдық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Айта кетерлігі, 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған болатын.

Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес пациенттерді ФАП-қа қабылдау үшін фельдшер кабинеті, акушерка кабинеті, қарау кабинеті, емшара кабинеті, егу кабинеті, стерилизация, дәріхана пункті, физиотерапия кабинеті, қақырық жинау кабинеті, ақпараттандыру кабинеті, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар көзделген. Сондай-ақ медициналық пункттерде орта медициналық персоналдың кабинеттері, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеті, дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай, дәріхана пункті мен анықтамалық вестибюль, шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар көзделген, - деп атап өтті министрліктен.

Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты - онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауды, скринингтік зерттеп-қарауларды уақтылы жүргізуді, нысаналы топтарды вакцинациялауды және созылмалы аурулары бар науқастарды емдеп-қарауды қоса алғанда, ауыл халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту.

Өзгелердің жаңалығы