БҚО әкімдігі ресейлік туристер көптеп келіп жатқаны туралы хабарға жауап берді

15 Наурыз 2022, 00:19
1595
Бөлісу:
БҚО әкімдігі ресейлік туристер көптеп келіп жатқаны туралы хабарға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Stopfake.kz

Портал мәліметінше, автордың айтуынша, олар қалада баспана жалдап жатыр. Бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаттары белгісіз. Хабарламада туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін екендігі айтылады. Stopfake.kz мәліметінше, бұл олай емес.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарған.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында РФ шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункті тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлға шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы