БҚО әкімдігі қытайлық инвесторларға жерді жалға бергені рас па?

23 Қараша 2023, 12:56
4860
Бөлісу:
БҚО әкімдігі қытайлық инвесторларға жерді жалға бергені рас па?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қытайлық инвесторларға жалға берілетін жер учаскесінің ауданы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында жалға беру жоспарланып отырған жер ауданы туралы фейк ақпарат таратылуда. Оған сәйкес, 100 мың шаршы шақырым жер берілмек.

БҚО әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

100 мың шаршы шақырымдық жер туралы сөз болған жоқ. Шетелдік инвесторларға жерді жалға беру мәселесі қаралып жатқан жоқ, сондай-ақ Жер кодексіне сәйкес шетелдік тұлғаларға жерді сатуға тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы