«Бозоқ» қалашығын ұлттық паркке айналдыру керек – Сәуле Бөрібаева

16 Ақпан 2022, 15:40
3114
Бөлісу:
«Бозоқ» қалашығын ұлттық паркке айналдыру керек – Сәуле Бөрібаева
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығының директоры Сәуле Бөрібаева Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында хабарлады. Оның айтуынша, Бозоқ қалашығының маңы – амфитеатр, шығыс базары айлағын, отбасылық демалыс орталығы мен биопарк салуға таптырмас орын.

Көрнекі ғалымдар Акишев пен Хабдулина Бозоқ қалашығының мәдени маңыздылығын айтып кетті. Ескерткіш көпқұрамды, көпқабаттылыққа негізделген. Жоба тарихи және инвестициялық әлеуетке ие. Тарихи бөлігі мәдениетті дамытудың біртұтас көрінісін, энеолит дәуірінен этнографиялық заманауилыққа дейінгі дала өркениетін құрайды. Мәдени ғимараттар, металлургиялық және қыш өндірісінің ежелгі технологиялық кешендері бар. Оларды қалпына келтіру үшін 4 ғылыми тұжырымдама әзірленді, - деді музей қорығының директоры.

Сонымен қатар ол жобаның инвестициялық бөлігіне де тоқталды. 

Жобаның инвестициялық бөлігі амфитеатр, шығыс базары айлағын, отбасылық демалыс орталығы мен биопаркті құрайды. «Бозоқ» қалашығын ұлттық паркке айналдыру Еуразиядағы дала өркениетінің сан алуандығы мен байлығын паш етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Сәуле Бөрібаева. 

Өзгелердің жаңалығы