«Ботай» кітабының таныстырылымы өтті

29 Қаңтар 2021, 21:02
1406
Бөлісу:
«Ботай» кітабының таныстырылымы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2021 жылдың 29 қаңтарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Зайберттің «Ботай» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шара «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» тарихи-мәдени жобасын іске асыру аясында өтті.

Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы аясында Ботай қонысының тарихи қалпына келтіруі жасалады.

Ботай – Еуразияның алғашқы жылқы өсірушілерінің әлемдегі теңдесі жоқ қонысы. Бұл мәдениеттің өмір сүруі б.з.д.V-IV мыңжылдыққа жатады. Онда жүргізілген зерттеудің тарихи маңыздылығы – бұл Қазақстан жер шарындағы жануарларды, ең алдымен жылқы мен сиырды қолға үйретудің негізгі орталықтарының бірі – дейді автор.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысты.

ҚР МСМ департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков құттықтау сөз сөйлеп, Виктор Федоровичтің отандық ғылымға сіңірген еңбегін жоғары бағалап, ашық аспан астындағы ұлттық паркті құру жобасы аясында «Бозоқ» музей-қорығы Ботай мәдениетінің тұрғын үйлерін тарихи реконструкциясын жасап, дала өркениетінің мыңжылдық даму тарихын бейнелейтінін атап өтті.

Кітапты талқылауға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ К.А.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, т.ғ.к. М.К.Хабдулина, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ.Аяған, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ директоры, т. ғ.к. Ақан Оңғарұлы, Ат-travel.kz клубының басшысы Б.А.Ақылбеков және тб қатысты.

Барлық қатысушылар «Ботай» кітабына жоғары баға берді.

ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн қатысқан облыстық музейлердің өкілдері Виктор Федоровичке музейдің әрбір қызметкері жұмыста қолданатын кітабы үшін алғыс білдірді, өйткені барлық музейлерде Ботай мәдениетінің бұрыштары бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жаңа кітап жарыққа шығатыны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы