Алматыдағы ботаникалық бақ 5 мамыр күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Бұл туралы бақ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.
Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. (Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін), - деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.
