Босқындар саны артты - БҰҰ

2 Мамыр 2023, 13:17
901
Бөлісу:
Босқындар саны артты - БҰҰ
Фото: Хабар24

Суданнан қашқан босқындар саны 800 мың адамнан асуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы осындай болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазірдің өзінде көршілес елдерге 70 мыңнан астам судандық ауған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ұйымының мәліметіне сүйенсек, Шығыс Африка гуманитарлық дағдарысқа жақын. Сәуір айының ортасынан бері Судан әскері мен жедел әрекет ететін жасақ арасында билік үшін қақтығыс болып жатыр. 

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш аймаққа гумантитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитсті жіберген болатын. 

Судандағы қақтығыстың салдары орасан. Жүгенсіз кеткен жағдай мен тереңдеп бара жатқан дағдарыс бізді қатты алаңдатып отыр. Мартин Гриффитс гуманитарлық көмек беру ісін үйлестіруі керек. Ол қолынан келген жасайды. Бірақ жағдай өте күрделі, - дейді БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Өзгелердің жаңалығы