Бангладеш билігі рохинджа босқындар лагеріндегі ауқымды өрт себебін тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның салдарынан 12 000 адам баспанасыз қалды.
Ресми мәлімет бойынша, өрт асүйдегі газ баллонының жарылуынан 2000 ғимаратты шарпыған. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ.
Полиция өрт қасақана қойылу дерегін тексеріп жатыр. Бір ер адам ұсталды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Елдің оңтүстік-шығысындағы лагерь әлемдегі ең ірі босқындар лагері саналады. Ондағы тұрғындардың басым бөлігі мұнда Мьянмадан қашып келген.
Дүйсенбі жүздеген адам Кокс-Базар деп аталатын ауданға оралды. Өрт жексенбі күні жергілікті уақытпен 14:45-те басталып, тез тараған. Тілсіз жау үш сағаттан кейін ауыздықталған. Кем дегенде 35 мешіт пен 21 оқу орталығы тас-талқан болды.
Өткен айда жарияланған Бангладеш қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін рохинджа лагерлерінде 222 өрт болды, оның ішінде 60 өрт қасақана жасалған.
Босқындар лагерінде Мьянмадағы рохинджа этникасына қарсы әскери репрессиядан қашқан адамдар тұрады.