Босқындар Қазақстанда олимпиадалық қолдауға ие болады

18 Маусым 2021, 15:35
3151
Бөлісу:
Босқындар Қазақстанда олимпиадалық қолдауға ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті босқындардың спортпен шұғылдануға деген ұмтылысын қолдауға, оларға Қазақстан аумағында білім беру бағдарламалары мен спорттық шараларға қатысуға мүмкіндік беруге дайын, деп хабарлады Olympic.kz.

Осы бағыттағы ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков пен БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының аймақтық өкілі Ханс Фридрих Шоддер қол қойды.

Тараптар нақты жобалар шеңберінде одан әрі ынтымақтастықты дамытуға келісті, оларды дамыту жақын арада басталады.

Біз халықаралық олимпиадалық қозғалысты қолдаймыз және БҰҰ-ның босқындар үшін гуманитарлық құндылықтарымен бөлісеміз. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті өз Отанынан жырақтағы балалар мен жастардың спортпен шұғылдануы және олимпиадалық армандарын жүзеге асыруы үшін бар күшін салуға дайын. Олимпиадалық теңдік пен кемсітуге жол бермейтін мемлекет ретінде Қазақстан үшін, әсіресе, жаһандық көші-қон дағдарысы мен пандемия кезеңінде ынтымақтастық пен қолдау көрсету өте маңызды, - деді ҚР ҰОК Президенті Тимур Құлыбаев.

2017 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Олимпиада комитеті балалар мен жастарды спорт арқылы қорғау, дамыту және күшейту үшін Олимпиадалық босқындар қорын құрды. 

Сонымен қатар 2015 жылдың қазан айында ХОК президенті Томас Бах Рио Олимпиадасына қатысу үшін олимпиадалық босқындар командасын құрғанын, ал 2018 жылдың қазан айында босқындар құрамасы да Токио Олимпиадасында бақ сынайтыны белгілі болды. Бұл жаһандық көші-қон дағдарысына қарсы Олимпиада қозғалысының күресінде маңызды оқиға болды.

Қазір 12 спорт түрінен 55 спортшы 2020 жылғы Токио босқындар олимпиадасының құрамына ену үшін таласуда. Олардың барлығы Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында ХОК-тан қаржылай қолдау алады.

Өзгелердің жаңалығы