Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ұрлық пен тонау, оның ішінде жаппай тәртіпсіздік кезінде қару ұрлау фактілері бойынша 322 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу барысында басты басты назар істің мән-жайлары мен күдіктілердің уәждерін мұқият тексеруге, дәлелдемелерді жинауға аударылады, - деді Әділов.
Бұрын хабарланғандай, тергеушілердің барлық процестік шешімі, атап айтқанда, күдіктіні қамауға алу, оның іс-әрекеттерін саралау, сондай-ақ бұлтартпау шарасын таңдау қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қабылданады, прокурормен келісіледі.
Барлық күдікті адам медициналық куәландыру арқылы дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін тексеру өтеді және жарақаттар болған жағдайда оларды алу мән-жайларын нақтылағаннан кейін ғана уақытша ұстау абақтысына қамалады. Ішкі істер министрлігі ұсталғандардың жеке басын ескере отырып, қылмыстық-процестік заңда көзделген негіздер бойынша күдіктілерді қамаудан босату бойынша да жұмыс жүргізуде, - деді Санжар Әділов.
Оның айьуынша, өткен аптада қадағалаушы прокурормен келісе отырып, 9 адамға қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа, 6 адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алуға өзгертілді.
Бұл ретте босатылған адамдардың тарапынан шағымдар келіп түскен жоқ, - деді ол.