Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған форумда Вице-премьер Ералы Тоғжанов азаматтарымыз қалыпты өмірге оралғанымен, әлі де босаңсуға болмайтынын айтты.
Бүгінгі күні коронавирустың деңгейі айтарлықтай төмендеді. Азаматтарымыз 100 пайыз еркін, қалыпты өмірге келіп жатыр. Бірақ әлі де босаңсуға болмайды, - деп айтты Тоғжанов.
Үкімет мүшесі атап өткендей, қазіргі күні КВИ-дің «стелс-омикрон» деген жаңа штамы пайда болды.
Бұл Қытайда (30%) өсіп келеді. Одан бөлек, Тынық мұхиты өңірінде де таралып келе жатқаны байқалады. Ал Аустралияда 130 пайызға дейін өскен. Сол себепті босаңсуға болмайды. Оған дайын болуымыз керек, - деп толықтырды Үкімет басшысының орынбасары.