Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық ойынға қызығушылық танытып, бос уақытында ойнайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Үкімет мүшелері Қазақстанда IT қызметтердің экспортын дамыту мәселесін талқылады.
Стартапшылардың бірі онлайн-ойынды таныстырғаннан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов жобаға қызғушылық танытып, қандай ойын екенін сұрады.
Мұны телефонға арналасқан "мета әлем" деп айтуға болады. Бұл бір жағынан GTA-ға ұқсайды, яғни ашық әлем, мұнда адамдар телефон арқылы ойнап, онлайн өзара әрекеттесе алады. Қысқасы, мета әлем сияқты, - деп жауап берді баяндамашы.
Стартапшының айтуынша, ойын AppStore және Google Play-ден жүктеп алуға қолжетімді.
Осыдан кейін Премьер-министр ойынды жүктеп алып, бос уақытында ойнайтынын айтты.
Жүктеп алып, бос уақытта ойнаймын. Егер ойнасақ, қазақстандық ойындарды ойнайық. Баршаңызды шақырамын, әріптестер. Білемін, біздің әріптестер, оның ішінде жастар (әріптестер) ойнайды. Ендеше өзіміздің ойындарды көрейік, - дейді Олжас Бектенов.