Бородулиха ауданында өртеніп кеткен үйден адам денесі табылды

Бүгін таңғы сағат 08.00-де Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 pixabay.com 26 Ақпан 2024 2024, 15:24
26 Ақпан 2024 2024, 15:24
1993
Фото: pixabay.com

Бүгін таңғы сағат 08.00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатыры, қабырғалары, терезелері мен есіктердің өртеніп, қосарланған ғимараттарға таралғаны анықталды. 

Өрт сағат 10.56-да оқшауланып, сағат 12.02-де толық сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 100 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда. Үйді тексеру барысында бәр адамның денесі табылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, өрт орнында Абай облысы ТЖД-дан жеке құрамның 9 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.

Наверх