Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні Францияның Бордо қаласында болған тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан бір әйел көз жұмды, деп жазды korrespondent.net.
Кеше Бордо қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, жақын маңдағы дүкендер де зардап шеккені туралы жазған болатынбыз. Жарылысқа тұрғын үйде газдың таралуы себеп болған.
Сонымен қатар екі адам із-түзсіз жоғалып, біреу зардап шекті, деп хабарлаған құтқарушылар қызметі.
Бүгін құтқару қызметі із-түзсіз жоғалған адамның өлі денесін тапты. Ал жоғалған екінші адам үйінділер астынан табылды. Қазір ол ауруханада ем қабылдауда.