Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған қонақ үйлердің кімге өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі әкімге "Миллиардер Қайрат Боранбаев тергеумен келісіп, мемлекетке кейбір активін мемлекетке қайтарды. Оның ішінде Астанада "Комфорт" қонақүйі мен Fitnaton фитнес орталығы бар. Онда оңалту және білім беру орталықтары ашылуы керек болған. Осы нысандарда бұл орталықтары ашыла ма?" деп сұрақ қойды.
Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласы бойынша ( "Комфорт" қонақүйі өтеді. Финтес орталықтар берілмейді. Қонақүйді (әкімдік балансына беру – автор) процесі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталғасын не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан әрі қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін, - деді Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.