Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Боран, тұман: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

1 Ақпан 2025, 08:05
760
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер 1 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты елдің бірқатар өңірінде қар жауады. Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде.

Тек республиканың батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

Еске сала кетейік, сенбіде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы