Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы және Қызылорда облыстарында жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 3 наурызда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін ) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ 3 наурыз сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Қызылорда облысында "РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1474-2046 шақырым аралығы (Әйтеке би ауылы - Бесарық ауылы). Жолды наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған, - делінген ақпаратта.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.