Боран, қар аралас жауын жауады. Алдағы күндері күн райы қандай болады

6 Қараша 2024, 13:18
3328
Бөлісу:
Боран, қар аралас жауын жауады. Алдағы күндері күн райы қандай болады
Фото: -архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан аумағының басым бөлігі кең циклонды қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын жауып, қарға ұласады, солтүстік жартысында боран болады, елдің басым бөлігінде көктайғақ болып, екпінді жел тұрып, тұман түседі.

7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар аралас жауын жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с екпінді жел соғады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасының түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейді, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы